ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Жоғары кәсіптік білім
050205 Филология
Қазақ тілі мамандығы мамандығы
ІҮ - бөлім
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
050205 Филология
Қазақ тілі мамандығы мамандығы
Көлемі - 2 кредит
АЛҒЫСӨЗ
1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ
әдебиеті кафедрасында
ЖАСАЛҒАН және Абай
атындағы Қазақ педагогикалық университетінің Оқу-әдістемелік бірлестігі
ұлттық
педагогикалық
университетінің ҚОЛДАНЫСҚА ҰСЫНҒАН.
2. Қазақстан Республикасы білім және
ғылым министрлігінің 22.06.2006ж., Республикалық жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі
Кеңес жиналысының Хаттама шешімімен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
ПАЙДАЛАНУҒА рұқсат етілген.
3.
Қазақстан
Республикасы Білім және
ғылым
министрлігінің 11.05.2005
жылғы № 289
бұйрығына
сәйкес шыққан бағдарламаның ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН
4. Типтік оқу
бағдарламасы 050117 -
қазақ тілі мен
әдебиеті мамандығы
бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартына сәйкес
жасалған.
5.
Бағдарламаны Абай атындагы
Қазақ
университеті
Қазақ
филологиясы
факультетінің кеңесі ұсынған, Хаттама №1, 29.09.2006 ж.
Типтік
бағдарлама Қазақстан Республикасы білім және
ғыдым министрлігінің рұхсатынсыз көбейтілмейді
және таратылмайды.
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ
халқының ауыз әдебиеті курсын жоғарғы оқу
орындарында оқыту ісі болашақ мамандарды туған
халқының ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі
мәдениеті үлгілерімен, халық өнерінің
түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік
үрдіс.
Осыған
орай қазақ халық әдебиетін оқытуда әлемдік
фольклортану ғылымындағы методологиялық
ортақтастықтар мәселелері, фольклордың ауызша сөз
өнері ретіндегі табиғаты, ерекшеліктері, тұтас
көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен
құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы,
фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер
жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.
Қазақ
фольклорын жалпыадамзаттық құндылықтардың
ажырамас бөлігі, жастарды отаншылдыққа
тәрбиелеудің пәрменді құралы ретінде оқып
үйрету мәселесі де басты назарда болуға тиіс.
Сондықтан
фольклордың тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік
сипатын таныту, оны өзге ғылым салаларымен байланысты (тіл,
этнография, тарих, археология, философия т.б.) оқытуды қажет етеді.
Бағдарламада
ауыз әдебиетінен оқылатын дәрістерге қосымша семинар
сабақтардың және курстық жұмыстар мен
рефераттардың үлгі тақырыптары беріліп отыр. Дәрістік
білімді семинар сабақтармен сабақтастыру, арнайы
тақырыптарға жазба жұмыстарын орындату, студентердің
ойлау, сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыруға
ықпал етеді.
«Қазақ
халқының ауыз әдебиеті" пәнінің осы типтік
бағдарламасы 050117-қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы бойынша 2004 жылы бекітілген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына
сәйкес жасалды.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақ
халқының ауыз әдебиеті - жоғары оқу орындарында
халықтық сөз өнері мұраларының
жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән.
Халық әдебиетінің ежелгі замандардан бастап
қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық,
көркемдік сипаттары фольклортану ғылымының
бұрынғы-соңғы зерттеулерінің аясында
теориялық және практикалық тұрғыда
жан-жақты талдана түсіндіріледі.
Қазақ
халқының ауыз әдебиеті көркемөнердің
салаларымен, тарихымеи, этнографиямен, философиямен, психологиямен,
педагогикамен және т.б. ғылымдар салаларымен тығыз
байланысты. Сондықтан халық әдебиеті үлгілерін
оқыту барысында пәнаралық байланыстарға да ерекше назар
аударылады. Сонымен қатар, ауызша және жазбаша
әдебиеттің өзара ықпалдасуы, фольклордағы
типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады. Фольклортану
ғылымындағы жаңа зерттеулер мен бағдарлама
жүйесінің сабақтастығы да басты назарда болады.
Фольклор
және фольклортану ғылымы туралы түсінік
Фольклортану
(фольююристика) халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін
классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты
обьектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу
екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер.
Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде
фольклордың алатын орны. Фолъклортанудың әдебиеттану, тіл,
этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б.
ғылым салаларымен байланысы.
Фольклордың
көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты.
Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық
маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі.
Ауызша
сөз өнерінің типтік табиғаты. Оған тән
ерекшеліктер мен белгілер. Ауызша туындылардағы сөздің
жетекші қызметі мен өрісі.
Фольклордің
көркемдік жүйесі, жанрлары, поутикалық тәсілдері мен
құралдары. Ауыз әдебиетінде шындықты бейнелейтін
өзгешелігі, көпқабаттылығы.
Фольклор
мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты,
шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері,
мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлілігі мен
формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің
көркемдік әдістері.
Ауыз
әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың
жемісі екендігі. Онңц шығу, айтылу, даму процесіндегі
коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке
шығармашылық коллективтілік аясындағы сипаты.
Дәстүрлілік пен коллективтілік.
Көпнұсқалылық және оның фольклордағы
коллективтілік пен ауызша айтылуға байланыстылығы. Вариант
/нұсқа/ және версия. Фольклордың өзгермелілігі.
Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы.
Халытық және жалпы азаматтық
құндылықтары. Идеялық,
тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері Фольклордың
халық өмірінің барлық саласын сол халықтың
рухани түсініктеріне ұлттық ерекшеліктеріне қарай
бейнелейтіндігі айнасы екендігінде, елдің үміті.
Фольклордың тегі меп
жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу принциптері
Әлемдік
фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен
мектептер (мифологиялық, антропологиялық, этнографиялық
мектеп, көшпелі сюжет ауысып алу теориялары, салыстырмалы-тарихи,
құрылымдық-типологиялық
жүйелі талдау, кешенді-тұтастық зерттеу әдістері
т.б.). Оның қазақ фольклортану ғылымына әсері.
Теориялық, методологиялық ортақтастықтар
фольклордың идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне,
құрылысына, өмірде атқаратын қызметіне
/функциясына/ қарай жіктеу. Тегіне қарай бөлу принциптері.
Жанрлық түрлердің бөліну жолдары. Фольклор
мәтіңдерінің салтқа қатысты не қатыссыз
болып келуі, қара сөзбен немесе өлең түрінде
айтылуы, әуенмен не әуенсіз жеке адам немесе көпшілік орындайтын
үлгіде көрініс беруі. Бұл өзгешеліктердің жанр
мен жанрлық түрлерге қатысы. Жанрлардың бір-бірімен
байланысы және жүйесі. Қазақ фольклорының жанрлары мен
түрлері.
Жанрлардың
дамуындағы ортақ процестер. Оларда эпикалық, лирикалық
және драмалық белгілердің орын алуы. Ауыз
әдебиетінің өмірлік негіздері. Идеализиция мен
ұлғайту /гиперболизация/. Қиялдың қызметі.
Сатира, юмор, мысқыл. Көркемдік бейнелеу
құралдарының /эпитет, теңеу, метафора символ т.б./
атқаратын қызметі. Фольклордағы сюжет пен мотив.
Қайталаулар мен оның түрлері. Тұлғалардың
жасалу жолдары. Уақыт пен кеңістіктің түрлі сипаты.
Тарихи
поэтика. Фольклорлық шығармалардағы көркем
формалардың даму өзгеру
ерекшеліктері.
Жанрлардың
тарихи, әлеумттік
экономикалық процестермен
сабақтастығы,
белгілі-бір дәуірге қатыстылығы тарихи
оқиға тарихи адамдар, белгілі жер-су, елді
мекендердің атаулары, мәдени-материалдық заттар, жазба
ескерткіштер мен тарихи деректердің /құжаттардың/
куәландыруы т.б./. Жанрдың барлық,
құрамдас
бөліктерінің
түрлі дәрежеде тарихи өзгеру үстінде
болатындығы. Фольклорды зерттеуден тарихилық /историзм/ принципі
Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер.
Қазақ
фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері
Рулық
қоғамындағы фольклор. Рулық қоғамдағы
фольклордың тууы мен қалыптасуы.
Еңбек-кәсіптің ролі. Жаратылыс туралы ұғымдар мен
тұрмыс-тіршілік тәжірибесінің орнығуы. Үй іші,
ру, тайпа арасыңдағы қатынастар Анаеркі /матриархат/ мен
атаеркі /патриархат/. Ескі наным-сенімдер мен түсініктер: анимизм,
онтропоморфизм, тотемизм, фетилизм, магия. Олардың фольклорға әсері. Мифтік
сана мен мифтер /тотемистік, дуалистік, этнологиялық мифтер. Шаманизм.
Бақсылар қызметі. Қазақ, фольклорының көне
жанрлары мифтер, аңшылық, төрт түлік туралы
әңгімелер мен жанрлар, маусымдық салт өлеңдері,
бақсы сарыны, арбау, бәдік, алғыс, қарғыс,
түрлі рәсімге байланысты өлеңдер, ертегілер, көне
эпостар.
Феодализм дәуіріндегі
фольклор.Феодалдық
қоғамдағы фольклор Түркі қағанаты, орта
ғасыр, қазақ хандығы
кезіндегі ауыз әдебиетінің
дамуы ислам дінінің
әсері. Түркі жазба ескерткіштері, ақындық,
жыраулық поэзияның фольклорға қатысы. Эпостық
жырлар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер,
тарихи жырлар мен өлеңдердің қалыптасуы мен дамуы.
Қазақстанның
тәуелсіздігі үшін күрестің фольклордағы
көріністері. Ауыз әдебиетіндегі жаңа тақырыптар.
Лирикалық өлеңдердің, ақындар айтысының
еркендеуі. Жұмысшы фольклоры. Қисса-хикая, дастан жанрының
кең таралуы. 1916 жыл оқиғаларына байланысты туған
халықтық шығармалар.
Қазіргі
дәуір фольклоры. Фольклордағы өзгерістер,
көне жанрлардың тағдыры. Кеңес дәуіріңде
пайда болған ауыз әдебиетінің үлгілері және
оның мазмұны. Буржазиялық және пролетарлық
мәдениет ұғымы. Ауыз әдебиетін кеңестік
идеологияға бейімдеудің себеп-салдарлары мен зардаптары. Төңкерістік
дүниетаным әсерімен туған өлеңдер. Жұмысты,
еңбек-кәсіп, колхоз тақырыптарына байланысты
өлең-жырлар. Байлардың мал-мүлкін зорлықпен
тәркілеу, асыра сілтеу кезеңінде туған мұң-шер
өлеңдері. Репрессия құрбандарының айдалу
сүргінінде және түрмеде шығарған қасіретті
толғаныстары. Ән-өлеңдер мен термелер. Фашистік
Германияға қарсы соғыс кезіндегі фольклордың сипаты.
Отан қорғау, тылда еңбек ету тақырыбы. Патриоттық
идеяның барлық жанрларға өзек болуы. Жоқтау,
арнау, көңіл айту өлеңдерінің жаңаруы.
Сәлем-хат, ән-өлеңдер, терме,
мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
Тәуелсіздік
кезеңіндегі фольклордың жай-күйі. Дәстүрлілік пен
даралық. Көркемөнерпаздар үйірмесі. Айтыстың
дамуы. Беташар, той бастар, жар-жар өлеңдері.
Мақал-мәтелдердің өркендеуі. Қара өлеңнің
сипаты. Фольклор мен көркеменердің /музыка, бейнелеу өнері,
театр, т.б./ байланысы. Әдеби шығармалардың халық
шығармашылығына ауысуы. Қазіргі халық
ақындарының шығармашылығы.
Жыршылық-жыраулық дәстүрдін қайта жандануы.
Балалар фольклорының даму ерекшеліктері.
Тұрмыс-салт жырлары
Халық
өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы.
Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радловтың халық өлеңдерін
жіктеуі. Тұрмыс-салт жырларын қазіріі зерттеудің жайы мен
классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен
анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық,
еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым,
әдеп-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы. Олардың
салтқа тікелей және жанамалы түрде қатысты болуы.
Тұрмыс-салт жырларының ұжымдық және синкреттілік
сипатының басымдығы. Фольклордың ең көне
үлгілері екендігі.
Еңбек-кәсіппен байланысты туған
өлең-жырлардың жанрлық түрлері. Төрт
түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі,
төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер.
Аңшылық
жырлары. Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп пен бергі
замандардағы қазақтың аңшылық,
саятшылық дәстүрі. Осы процестердің поэзиядағы
көрінісі. Маусымдық салт жырлары. Наурыз туралы
өлеңдер. Ұлыс күні айтылатын тілектер. Егіншілік
кәсіппен байланысты өлең-жырлардың ерекшеліктері.
Тасаттық беріп, бұлт шақыру салты.
Наным-сенімдерге
/діни ұғымдар/ байланысты өлеңдер. Сөздің
магиялық қасиеті туралы ұғым. Көп
құдайға табыну және оларға қатысты
салт-ырымдар. Бақсы сарыны. Арбау.
жалбарыну
өлеңдері.
Бәдік. Қазақ
халқының алғыс,
қарғыс, бата беру
салтына байланысты өлең-жырлары. Жарапазан.
Наным-сенімдерге байланысты өлендердің композициясы мен стильдік өрнегі.
Отбасы салтына
байланысты өлең түрлері. Үйленуге байланысты салт
жырларының қыз ұзату, келін түсіру, той өткізу
ғұрпымен бірге орындалуы. Сыңсу, жұбату, той бастар,
жар-жар, беташар, той тарқар. Орындаушылар мен айтысу мезгілі. Мазмұны
мен құрылысы. Әлген кісіге байланысты айтылатын естірту,
көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен
байланысты.
Лирикалық өлеңдер
Халық
лирикасының жанрлық ерекшелікгері. Классификациялау мәселесі.
Тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және
айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан
тақырыпты болуы. Қара өлең, ән өлең,
тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері мен
құралдары. Тарихи өлендердің тарихи жырлардан
өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ
халқының эстетикалық дүниетанымы.
Мақалдар мен мәтелдер
Мақал-мәтелдердің
жанрлық белгілері. Классификациялаудың принциптері.
Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы
түсінік. Мақал-мәтелдердің ауызекі сөйлеу тілімен
байланысы. Құрылысының тұрақты болу себептері.
Мақал-мәтелдер тақырыбының халық
өмірінің барлық саласын қамтитыны.
Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы, жалпы және
жалқы мағыналары. Құрылыс, ұйқас,
ырғақ ерекшеліктері, троптың атқаратын қызметі.
Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. Қанатты сөздердің,
афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің
мақал-мәтелдермен арақатысы.
Жұмбақтар
Қазақ
жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық
белгілері. Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.
Тиым салу /табу/ және оның жұмбақтардың
қалыптасуындағы ролі. Жұмбақтардың
тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының
көрінісі. Ересектер мен балалар щығармашылығында қатар
жүруі. Ертегілермен, айтыстармен және мақал-мәтелдермен
байланысы. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік
тәсілдері.
Шешендік сөздер
Қызметі
мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері.
Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық
түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік
сөздердің көркемдік сипаты, ырғақты қара
сөз бен өлең формасының аралас келуі. Түсінік
сөздердің атқаратын қызметі. Шешендік
сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен
байланысы. Майқы би, Қазыбек би, Эйтеке би, Сырым т.б. туралы
шешендік сөздер мен аңыздардың тұтастығы. Халық
қазынасына айналған шешендік сөздердің авторын
анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы.
Ертегілер
Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар
екеңдігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Жиналуы мен
зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы қиялдың
шығу негіздері, шындыққа қатысы. Ертегілердің
классификациясы. Қазақ ертегілерінің жанрлық
түрлері.
Хайуанаттар жайындағы
ертегілердің пайда
болу жолдары.
Ондағы миф пен тотемизмнің көрнісі. Астарлау /иносказание/ мен кейіптеудің /олицетворение/ атқаратын қызметі. Әлеуметтік,
халықтық сипаттары. Сюжеті мен тақырыбына қарай хайуанаттар ертегілерін этиологиялық "Үркер", "Хайуандар жыл басына таласуы",
"Қоянның құйрығы неге қысқа, түлкінің құйрығы неге ұзын", т.б./, классикалық «Арыстан, қасқыр,
түйе, түлкі", "Арыстан мен түлкі", "Батыл
есек", "Қотыр торғай",- "Айлакер тышқан", т.б./ және мысал ертегілеріне /"Бақа мен құмырсқа", "Қарға мен лашын",
"Торғайдың өсиеті", "Үш дос немесе аққу, шортан", "Кім неден
күшті", т.б./ жіктелуі. Сатира мен юмор. Көркемдік ерекшеліктері, композициясы,
сюжетінің тізбекті /кумулятивті/
құрылымы, диалог, қара сөздің өлеңмен алмасып келуі /"Бес ешкі", "Айлакер
түлкі", "Бозінген", "Бақа мен кірпі", т.б./.
Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері.
Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Ежелгі замандардағы
түсініктердің, наным-сенімдердің көрінісі. Әлеуметтік процестердің бейнеленуі. Образдар жүйесі. Бас
қаһарман және оның оқиғаларды топтастырудағы
қызметі. Оқиғаның сапарнамалылығы/"Адам
білмес тас", "Сиқырлы құс", "Күн
астындағы күнекей қыз"/. Фантастикалық және
мифтік кейіпкерлер. Тақырыптық құрамының алуан
түрлі болуы. Әлеуметтік теңсіздікті, халықтың арман-тілегін /"Ұшқыш кілем", "Ұр тоқпақ", "Жеті
өнерпаз", "Жігіт пен енерлі қыз", т.б./
жауыздық пен қас күштерге қарсы
күресті/"Жалмауыз кемпір", "Алтын сақа", "Жақсылық пен жамандық",
"Қорқау шал"/, тапқырлық / "Қаңбақ шал", "Тоғыз тоқылдақ, бір шіңкілдек", т.б./ бейнелеуі.
Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды
ғылымда жүйелеу мен классификациялау. Сюжеттердің
көрсеткіштері /указатели/.
Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы,
оқиғаларының бірсызықты /однолинейность/
дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар.
Батырлық ертегі. Ол туралы В.М.Жирмунскийдің,
М.О.Әуезовтің, Е.М.Мелетинскийдің, С.Ю.Неклюдовтың,
С.Қасқабасовтың пікірлері. Тақырыбы ерлікпен үйлену және жауыз күштермен соғысу
екендігі. Негізгі мотивтері кейіпкерлердің ғажайып тууы мен өсуі, таңдап ат мінуі, некелік сынақтардан өтуі, жаумен соғысуы,
оны жеңуі. Қиял-ғажайып ертегілер мен көне эпосқа қатысы. "Ер төстік",
"Керқұла атты Кендебай" ертегілерінің идеялық-көркемдік ерекшелігі, сюжеті мен композициясы.
Новеллалық ертегі. Жанрлық белгілері. Қиял-ғажайып
ертегілермен байланысы. Шытырман оқиғалылығы және ондағы қиялдың /вымысел/ атқаратын
қызметі. Тақырыбы
отбасы, ерлі-зайыптылардың адалдығы /"Уәзірдің қызы", "Үш өсиет", "Әділ патша
туралы ертегі"/, түрлі қиыншылықта жол табатьгн
ақыл мен тапқырлықты /"Аяз
би", "Балтекей бидің соты"/ дәріптеу болып келетіндігі.
Композициялық құрылымы, көп эпизодтты болуы, оқиғаларының өтетін жері, кейіпкерлері.
Сатиралық ертегілердің... _жанрлық сипаты.
Қоғамдық-әлеуметтік
қарым-қатынастардың таптық теңсіздіктің, тұрмыс-тіршіліктің бейнеленуі.
Сатира мен юмор. Аңқаулық пен қулықгың
көрінісі. Қожанасыр. Алдаркөсе, Тазша бала бейнелері. Әділетсіздікті әшкерелеу: бай, молда, қарақшы образдары. Сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы,
күлкілі жағдай, стильдік ерекшеліктері.
Ертегіден тыс прозалық жанрлар
(аңыздық проза)
Миф. Мифологияны
зерттеудегі натуралистік, антропологиялық, әлеуметтік,
структуралы-антропологиялық, т.б. мектептердің табыстары.
Мифтің жанрлық ерекшеліктері. Мифтік дәуір.
Алғашқы бабалар (первопредки), демиург, мәдени
қаһарман туралы түсінік. Этиологиялық генеологиялық
және аспан денелері /космогониялық/ туралы мифтер. Мифтің
танымдық қызметі. Қазақ мифтерінің
архаикалық сипаты. Миф – көркемдік ойлаудың бастау кезі.
Аңыз-әңгімелер. Жанрлық сипаты. Анықтамасы. Тарихи,
мекендік /топонимикалык/ және күй
аңыздары. Қиял мен шындықтың көрінісі. Тарихи
аңыздардың сюжеті мен қаһармандары: Асан
Қайғы, Жиренше, Жәнібек, т.б. Жер-су, елді мекен, тау-тас,
өзен-көл туралы аңыздар. Күй аңыздарындағы
тарихи және жер-су, елді мекен жайындағы
әңгімелердің орайлас келуі. Аңыздардың
композициясы мен баяндау тәсілдері.
Әпсана
/легенда/. Жанрдың анықтамасы. Эпсананың
түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы.
Дүниенің жаратылысы, жерұйық әулие-әнбиелер
туралы сюжет. Қорқыт, Ескендір туралы әпсаналар.
Қиял-ғажайып оқиғаларының қызметі.
Көркемдік ерекшеліктері.
Ертегісімек.
/Былички/. Жанрдық анықтамасы. Ескі наным-сенім,
халық демонологиясының көрінісі: албасты, үббе,
күлдіргіш, жезтырнақ, сөрел, жын-шайтан, т.б. Тақырыбы
мен баяндау тәсілдері.
Эпостық
жырлар
Қазақ
эпосының жанрлық құрамы. Классификациясы.
Жанрлық-стадиялық белгілеріне қарай жеткізу. Көне эпос, батырлар жыры,
лиро-эпос, тарихи жырлар. Зерттелу тарихы. Шындықтың эпостағы бейнеленуі. Эпос пен
тарих. Өлең құрылысы.
Көне эпос. Анықтамасы мен негізгі белгілері. Сюжеттік құрамы мен тақырыбы.
Қаһармандық үйлену, ғажайып туу, өліп тірілу мотивтері. Миф, аңыз ертегілермен
байланысы. Матриархат және патриархат дәуірлерінің көрінісі. Образдар жүйесі: бас қаһарман мен адамзатқа қас күштер /дию, пері,
дәу, мыстан кемпір, т.б./. Әйелдер бейнесі.
"Құламерген-Жоямерген", "Дотан батыр" жырлары –
көне
эпостың үлгілері. "Алпамыс батыр" жырындағы
архаикалық сипат. Көркемдік ерекшеліктері. Ұлғайту мен әсірелеу.
Батырлар жыры. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу
мезгілдері
туралы. Түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, ноғайлар дәуірлері мен жоңғар
шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Батырлыр
жырының идеялық
нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.
Историзм /тарихилық/ мәселесі.
Батырлар жыры мен көне эпостық байланысы, бір-бірімен
сабақтастығы. Батырлар жырындағы уақыт. Жырлаушы
уақыты, сюжеттік уақыт. Эпикалық уақыт
дәстүрі. Батырлар жырындағы эпикалық кеңістік.
Эпостық кеңістік концепциясы. "Қобыланды батыр",
"Ер Көкше-Ер Қосай", "Арқалық батыр"
жырларының сюжеттері, ел қорғау, сыртқы жауларға
қарсы күресу идеясы, образдар жүйесі. Бас
қаһармандар, эпикалық жаулар. Әйелдер образы.
Тұлпар бейнесі. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау. Батырлар
жырының циклизациялану /тұтастану/ жолдары:
өмірбаяндық, генеологиялық, мекендік /эпикалық
орталық/ және мезгілдік белгілеріне қарай тұтастануы.
Жырау М.Сеңгірбековтің "Қырымның қырық
батыры" жырының циклдену жолдары. Эпос шығарушы және
таратушы жыршы, жыраулардың өнері. Батырлар жырының
варианттары мен версиялары. Өзге халықтар фольклорымен
байланысының болу себептері: генетикалық,
қарым-қатынастық және жалпы типологиялық
ұқсастықтар. Батырлар жырындағы халықтың
саяси-әлеуметтік жағдайының, жер-су, елді мекен,
табиғат тұрмыс-тіршілік, рухани тұрмысының
сәулеленуі. Батырлар жырының этикасы. Тізбектеп жырлау. Негізгі
мотивтер /ғажайып туу, жедел өсу, үйлену, жекпе-жекке
шығу, соғысу, түс көру, т.б./. Ұқсас жерлер
/общие места/, қайталаудың түрлері, ауызша жырлау
дәстүрі мен стильдің формулалығы. Әсірелеу мен
теңеу. Өлең құрылысы. Аллитерация, ассонанс.
Лиро-эпос. Жанрлық
сипаты. Жиналуы мен зерттелуі. Сюжеті мен тақырыбы.
Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын
орны, кейіпкерлер тағдырымен сабақтастьны. Әлеуметтік
қайшылықтар. Трагедия, оның болу себептері. Образдар жасау
ерекшеліктері. Идеализациялау мен даралау /индивидуализация/.
Әлеуметтік-тұрмыстық/ "Айман-Шолпан"/ және
махаббат тақырыбы /"Қозы Көрпеш-Баян сұлу",
"Қыз Жібек"/. Көшпелі тұрмыс-тіршіліктен
туған жырлар мен шығыс елдерінің өмірінен алынған
қазақ дастандары немесе романдық эпостары
/"Бозжігіт", Таһир-Зухра",
"Мұңлық-Зарлық",
"Жүсіп-Зылиха", "Сейфулмәлік",
"Иранғайып шаһ Ғаббас",
"Шәкір-Шәкірат",т.б./. Романдық эпостағы
ертегілік, мифтік сарындар. Көркемдік ерекшеліктері, стилі,
поэтикалық, тілдік өрнегі. Халық кітаптары /народные книги/
туралы түсінік.
Тарихи жырлар. Жанрлық
ерекшеліктері. Батырлар жырымен байланысы. Тарихи оқиғалар мен
тарихи жырлардың ара қатысы. Тарихи каһармандык
жырлар/"Едіге батыр", т.б./ жоис олар,іың
полистадиялылығы. Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері
/Абылай, Олжабай, Бөгенбай, Қабанбай, Кенесары, Досан, Бекет,
Жанқожа, т.б./. Сюжеті мен тақырыбы. Жоңғар
феодалдарына, Қоқан, Хиуа хандықтарына, ішкі
қанаушыларға қарсы /"Исатай-Махамбет"/ күрес
пен 1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар. ХҮІІ-ХХ
ғасырлар арасындағы тарихи оқиғалардың
бейнеленуі. Тарихи жыр /эпос/ пеи тарихи өлеңнің
/мәселен, "Елім-ай" / ұқсастықтары мен
айырмашылықтары. Тарихи жырдың поэтикасы, композициялық
құрылымы.
Діни дастандар. Жанрлық
ерекшеліктері. Тарихи негіздері. Батырлық жыр өрнектерінің
молдығы /"Дариға қыз",
"Зарқұм", т.б./. Тарихи қайраткерлер
іс-әрекетінің ерекше әсіреленіп берілуі. Діни
дастандардың ислам құндылықтарын таныстыру мен
насихаттаудағы, имандылық тағлымын таратудағы
мәні. Көркемдік ерекшеліктері.
Айтыс
Зеттелу тарихы.
Жанрлық сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына,
түріне қарай жіктеу. Әдеп - ғұрыппен салтпен
байланысты айтысатын айтыстар: бәдік, жұмбақ айтыстары айтыс
үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал
өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен байланысты
айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс,
қайым айтыс - айтыс формаларының түрлері. Жазба айтыс,
қыз бен жігіт айтысы /"Біржан мен Сара", Кеншінбай мен
Айсұлу". "Манат қыз бен молда Мұса", т.б./
Айтыстың
айрықша дамыған түрі - ақындар айтысы. Атақты
ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы /Сүйінбай,
Шөже, Кемпірбай, Әсет, Нұржан, Сара, Жамбыл, т.б./ айтыстары.
Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің көтерлуі.
теңсіздіктің, әділетсіздіктің,
қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың тамашалық
сипаты. Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Кенес
дәуіріндегі айтыстардың дамуындағы ерекшеліктер.
Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу себептері.
Айтыстың көpкeмдік ерекшеліктері.
Балалар фольклоры
Балалар
фольклорының өзіндік ерекшеліктері. Идеялық-көркемдік
табиғаты, атқаратын қызметі. Халық педагогикасымен
байланысы. Балалар фольклорының жанрлары мен жанрлық түрлері.
Бөбектерге
арналған өлеңдер: бесік жыры, сәбилік салт жырлары
/"Бесікке бөлеу", "Бесікті аластау",
"Тұтас кесу", "Өс-өс!" т.б./, уату
өлеңдері. Айтылатын мезгілі мен себебі, тақырыбы мен стильдік
өрнегі.
Балалардың
өзі орындайтын өлең-жырлар: арнау-тілек өлеңдер,
сұрамақ, өтірік өлеңдер, тақпақтар,
мазақтар. Жыл мезгілдеріне, табиғат құбылыстарына /"Күн
шыққанда", "Тұманға",
"Айға", "Жаңбыр жауғанда",
"Күзде", "Қыста", "Жазда",
"Желге", т.б./ бағытталып айтылатын арнау-тілек
өлеңдеріндегі ескі магиялық түсініктердің көрінісі.
Сұрамақ өлеңдерінің танымдық қызметі.
Олардағы сұрақ пен жауап. Өтірік өлендердің
көркемдік шарты. Жаңылтпаш пен мазақтау
өлендерінің тәрбиелік мәні.
Ойын
өлендері: санамақ, қаламақ /жеребьевки/. Олардың
атқаратын қызметі мен құрылысы. Түрлі
ойындардың арасында айтылатын өлең-жырлар/"Соқыр
теке", "Ақ сүйек", "Куыр-қуыр,
қуырмаш", "Қалай айтуды білмеймін", т.б./ .
Жұмбақ,
жаңылтпаш, төрт түлік, өтірік өлеңдер мен
ертегі, аңыз әңгімелер жанрларының балалар мен
үлкендер фольклорына ортақтығы.
Балалар
фольклорының поэтикасы. Жинақылық /лаконичность/,
қарапайымдылық, ойнақылық. Көркемдік бейнелеу
құралдары мен тәсілдері.
Фольклор мен әдебиет
Фольклор мен
әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстастығы. Фольклордың
әдебиетке, әдебиетгің фольклорға әсері.
Өзара байланыс әдеби-фольклорлық процестердің
түрлі деңгейінде түрлі сипатта болатындығы
/халықтығы, идеясы, тақырыбы, жанры, сюжеті, мотиві,
көркемдік бейнелеу құралдары мен тәсілдері, образ
жүйесі, құрылысы, т.б. бойынша/.
Түркі халықтарына ортақ ежелгі
әдебиеттегі /Ү-ХҮғғ/ фольклордың ролі. Мифтер,
аңыз әңгімелер, халық өлеңдері,
мақал-мәтелдердің түркі жазба ескерткіштерінен алатын
орны. Олардың қолданылу себептері. Орхон-Енисей
жазбаларыңдағы ерлік пафос пен эпостық жырлардың
үндестігі. "Қорқыт ата кітабы", "Оғыз
наме", т.б. кітаптарда кездесетін қазақтың миф, ертегі,
хикая, эпос жырларындағы сюжеттер.
ХҮ-ХҮІ
ғасырлардағы жыраулық поэзия мен фольклордың байланысы.
Жыраулар шығармашьшығының әдеблеттік
және фольклорлық сипаттары. Олардың репертуарларына
ұжымдық пен жеке авторлық шығармалардың
ортақ болуы. Ауызша айтылуына байланысты бұл дәуірдегі
әдебиетте ұқсас қайталаулардың, ортақ
көркемдік тәсілдерінің кездесетіндігі. Стильдегі
формулалық өзгешеліктер. Толғау, арнау
өлеңдерінің фольклорға қатысы. Жыраулар
поэзиясында елдің азаттық, бірлік, ерлік үшін
күресінің асқақ бейнеленуі.
ХҮШ-ХІХ
ғасырлардағы әдебиет пен фольклор. Ақындық
өнердің өркендеуі. Лирикалық
өлеңдердің қанат жаюы. Терме, толғау, арнау
өлеңдеріндегі даралық және ұжымдық
белгілер. Әдебиет пен фольклордағы дидактикалық мотивтер,
варианттылықтар. Ағартушы-демократтар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев шығармашылығындағы фольклордың
көрінісі, қолданылу сипаты. Шығыс халықтарының
әдебиеті мен фольклорындағы сюжеттердің XIX ғасырда қазақ даласында жазбаша және ауызша
таралуы. Қисса-дастандардың кітап болып шығуы
/Ж.ПІайхсламұлы, Ш.Жәңгірұлы, А.Сабалұлы, т.б.
шығармалары/. Ағайынды Каримовтардың жинаушылық,
редакторлық, баспагерлік жұмыстары. Айтыс жанрының
әдебиетке қатысы. Жазба айтыстың пайда болуы. Мысал жанры.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің
фольклормен байланысы. Роман жанрының
қалыптасуындағы халық прозасының дәстүрі.
Мысалдардың өркендеуі. Поэма жанрындағы эпикалық
үрдіс /И.Дәукебаев "Бекболат батыр", К.Әзірбаев
"Әли батыр", О.Шипин "Амангелді", "Торғай
соғысы", т.б./.
Қазіргі
қазақ әдебиеті және фольклор. 20-30
жылдардағы көркемдік ізденістер мен ауыз әдебиетінің
байланысы. Ж.Жабаев, Н.Байғанин, И.Байзақов, К.Әзірбаев
шығармашылығында фольклор мен әдебиеттің қанаттас
болуы. Халық ақындарына әдебиетгің әсері. Ақын,
жазушылар шығармашылығының фольклормен тікелей және
жанамалы түрде байланысты болатындығы. Фолклор мен поэмалар
/С.Сейфуллин "Көкшетау", М.Жұмабаев "Батыр
Баян", "Қорқыт", С.Мұқанов
"Сұлушаш", І.Жансугірів "Күйші", т.б./,
лирикалық өлеңдер. Фольклор мен проза жанрлары /аңыз,
ертегі, апсана, миф сюжеттерін пайдалану/. Ән-өлеңдер.
Қазіргі қазақ әдебиетінде фольклор сарынын пайдалану
деңгейлері. Мифтік, аңыздық мотивтердің жазба
әдебиетте адамзаттық мәні бар идеялар көтеруге
жұмсалуы. /"Көшпеңділер",
"Алтын Орда",
"Аңыздың ақыры",
т.б./. Фольклорлылық күллі
әлем әдебиетін көркейту жолындағы тенденциялардың біріне
айналуы.
Қазақ фольклоры түркі
халықтарының ауыз әдебиеті құрамында
Тарихи-типологиялық
зерттеу әдісі. Түркі халықтарының фольклорында
ұқсастықтардың болу себептері.
Ұқсастықтардың ауыз әдебиетінің даму
ерекшеліктерінде, сюжетінде, жанрында, каһармандар жүйесінде,
поэтикасында кездесуі.
Қыпшақ, оғыз, қарлуқ тілдер
тобындағы халықтардың фольклоры.
Шығу
түбірі, тарихи дамуы, тілдік
жақындығы, тұрмыс-тіршіліктің
ұқсастығы, мәдени байланыстар саяси-әлеуметтік
қатынастар, т.б. тарихи процестердің фольклорға тигізген
әсері.
Жанрлық
ұқасастықтар мен ортақ белгілер. Олардың
жүйесі. Генетикалық байланыстар. Түркі
халықтарының ауыз әдебиеті жанрларын
классификациялаудың принциптері.
Тұрмыс-салт
жанрларында календарлық мейрамдар мен әдеп-ғұрыптарга
байланысты өлең-жырлар. Наурызға, айтқа, оразаға,
мәуліт күніне қатысты фольклор. Шілдехана, үйлену,
жерлеу салтында орындалатын өлең-жырлар. Алғыс, карғыс,
бата, арбау, бақсы /шаман/ сарындарының түркі
халықтарындағы сипаты.
Ертегілердің, аңыз-әңгімелердің, мифтердің
сюжеттеріндегі /"Оғызнама"/ ортақ белгілер.
Шығыстық мотивтердің таралу сипаты. Типтік
қаһармандар. Ер Төстік, Қожанасыр, Алдаркөсе,
Тазша бала бейнелері.
Эпостық
жырлар. Жанрлық-стадиялық түрлерінің алуан сипатта
болуы. Алтай, Сібір түркілерінің фольклорыңда
архаикалық /көне/ эпостардың, ал Орта Азия, Батыс
түркілеріндс романдык эпостар мен тарихи жырлардың мол таралуы.
"Қорқыт ата кітабы", "Алпамыс",
"Қозы Көрпеш-Баян сұлу",
"Көрұғлы", "Едіге батыр"
сюжеттерінің ортақтығы. Дастандардың түрлері мен
таралу ауданы. Қаһармандық, ғашықтық, діни
сюжеттегі дастандар.
Мақал-мәтел,
жұмбақ жанрларының түркі халықтарының
фольклорынан алатын орны.
Түркі
халықтары фольклорының жиналу, зерттелу тарихы. Ш.Уалиханов,
В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев, М.Көпеев, В.Жирмунский
еңбектері. Тюркология және фольклор. Жалпы фольклорлық
процестер. Зерттеу саласындағы міндеттер: коптомдық жинақтар/свод/ әзірлеу,
жүйелеу/систематизация/, жан-жақгы типологиялық зерттеулер жүргізу.
Қазақ фольклорының зерттелу тарихы
Көне
дәуірдегі түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін ауыз
әдебиетінің нұсқалары, оларды пайдалану сипаты.
Мақал-мәтелдердің, шешендік сөздердің, мысал
әңгімелердің, тұрмыс-салт жырларының орта
ғасырлық сөздіктер мен антологияларға,
дастандарға, шежірелерге /"Лұғат ат-түрк" ,
"Кодекс куманикус"/ ену себептері.
Қазақ
фольклоры туралы ғылымның ХҮШ ғасырда қалыптаса
бастауы. Саяхатшылар мен зерттеушілер: П.Паллас. Н.Рьгжов, И.Гиоргидің
қазақ фольклоры туралы тұжырымдары.
XIX ғасырдың бірінші жартысыңда қазақ
фольклорының этнографиялық бағытта зерттелуі. Жинау, жариялау
жұмыстары. Халықтың әдет-ғұрып,
тұрмыс-тіршілігін жете білу үшін фолъклорлық
материалдарға арқа сүйеу. Зерттеулердің жолжазба
және сипаттама, таныстыру түрінде болуы.
Ш.Уалихановтың
қазақ фольклорына жинау және зерттеудегі еңбектері.
Жырау, жыршы, ақын, бақсы жайында, халық поэзиясының
жанрлары мен түрлері туралы XIX ғасырдағы
ғалымдардың пікірлері.
В.В.Радловтың,
Г.Потаниннің, А.Васильевтің, т.б. зерттеушілердің
қазақ фольклортану ғылымының дамуына қосқан
үлестері. Батыс Европа мен Ресейдегі мифологиялық мектеп,
оның қазақ фольклорын зерттеулерге қатысы. Г.Потанин -
қазақ фольклорын жинаушы әрі зерттеуші. Оның
еңбектеріндегі сюжет ауысу теориясының көрінісі. "Тарихи
мектептің" қазақ фольклористикасындағы
көрінісі. А.Құнанбаев пен Ы.Алтынсаринның ауыз
әдебиетінің тәрбиелік мән-маңызын жоғары
бағалауы, фольклор үлгілерінің оқулыққа
енуі, жазба әдебиет жанрларын /өлең, көркем
қарасөз, көсемсөз/ нәрлендіруі.
XX ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы. Ә.Диваев пен
М.Көпеевтің, А.Байтұрсыновтың,
Ә.Бөкейхановтың ауыз әдебиеті нұсқаларын
жинау, жариялау жұмыстары. XIX ғасыр мен XX ғасырдың
басындағы қазақ фольююры туралы ғылымның
Ресейдегі алдыңғы қатарлы ой-пікірлермен, түрлі
әдеби-фольклорлық зерттеу мектептерімен сабақтас болуы.
Кеңес
дәуіріндегі қазақ фольклористикасының қалыптасу,
даму жолдары. Халықтың мәдени, рухани мұраларын игеру
туралы 20-30 жылдардағы көзқарастар. Жинау, жариялау,
зерттеу, оқулықтар жазу мәселесі /Х. Досмұхамедов,
т.б./. Зерттеу методологиясының қазақ фольклористикасында
игерілуі. Осы жылдардағы ұйымдастыру жұмыстары,
кеңестер, қаулы-қарарлар. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров,
М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмшиев, Е.Ысмаилов,
Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова,
Б.Кенжебаевтардың кеңес дәуіріндегі қазақ
фольклористикасын қалыптастыру, өркендету жолындағы ізденістері. Олардың
еңбектеріндегі әдебиеттану мен фольклортанудың
методологиялық жағынан сабақтастығы. Фольклордан
үйренудің, оны әдебиетте пайдаланудың ғылыми
шығармашылық проблемаға айналуы. Фольклордың
халықтығы мен тарихилығы туралы пікірталастар. Ауыз
әдебиетінің спецификалық ерекшеліктерін танымаудың,
оларды догматикалық тұрғыдан қараудың зардаптары.
40-50 жылдарда қазақ эпосының асыл ескерткіштерін
/"Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Қыз
жібек", т.б./ байшыл-феодалшыл идеология туындысы деп
мансұқтаудың орын алғаны.
Қазақ
фольклорының пайда болуы, даму жоддары, жанрлары мен түрлері,
идеялық-көркемдік ерекшеліктері, шығарушылар мен орындаушылар
туралы 60-80-ші жылдарда жазылған еңбектер. Эпостардың
ғылыми басылымдары мен аударылу жайы. Батырлар жыры /М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, О.Нұрмағамбетова,
Т.Сыдықов/, лиро-эпос /Н.С.Смирнова, Ы.Дүйсенбаев,
Ә.Қоңыратбаев/, ертегілер /М.Ғабдуллин, Р.Бердібаев/,
тұрмыс-салт өлендері /Б.Уахатов,/ шешендік сөздер
/Б.Адамбаев/, ертегілік емес проза /С.Қасқабасов/, фольклор эстетикасы /Ш.Әлібеков/ шығарушылар мен
орындаушылар /Е.Ысмаилов, Р.Бердібаев, Е.Тұрсынов/, кеңес
дәуіріндегі фольклор /М.Дүйсенов, Н.Төреқұлов,
К.Сейдеханов/, толғау жанры /Б.Әбілкасымов/, ақын-жыраулар
/Қ.Сыдиқов/, айтыстың табиғилығы мен даму жолдары
/М.Әуезов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов/, эпикалық мотивтер
жүйес /Ш.Ибраев/ туралы арнайы зерттеулердің жазылуы. Қазіргі
қазақ фольклористикасындағы типологиялық және
жүйелі функционапьдық зерттеу әдістері. Фольклор текстері
ғылыми басылымының жүзеге асырылуы.
Бұл
кезеңдегі фольклортану еңбектерінде ауыз әдебиетінің
өзіне хас еңбектердің нақтылы зерттелуі. Фольклордың
сөз өнерінен ғана емес, халықтың
дүниетанымымен, әдеп-ғұрыптарымен, салт-санасымен,
наным-сенімімен тығыз байланысты құбылыс екенінің,
мұндағы көркемдік тәсілдің, типтендіру
принциптерінің жазба әдебиеттен өзгешелігінің ескершуі.
Фольклор сарындарының жазба әдебиетті байыту жолдарының тексерілуі. Ауыз әдебиеті дәстүрлерінің
жыршылық, термешілік
өнер, ақындар айтысы,
т.6./ қайта жандануы.
СЕМИНАР
САБАқтарының үлгі ТАҚЫРЫПТАРЫ
·
Фольклортану ғылымы оның
тарихы мен теориясы.
·
Қазақ фольклорының даму,
қалыптасу кезеңдері.
·
Фольклордың ерекшеліктері. Көкемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары.
·
Фольклор
мен жазба әдебиеті
·
Қазақ
фольклорының жанрлары мен
түрлері
·
Тұрмыс-салт жырлары.
·
Ертегілер. Классификациясы,
жанрлық түрлері.
·
Қазақ мифтерінің
жанрлық белгілері
·
Мақал-мәтелдердің
жанрлық белгілері
·
Жұмбақтардың жиналу,
зерттелу тарихы, жасалу жолдары мен жасалу тәсілдері
·
Шешендік өнер. Көркемдік
сипаты.
·
Көне эпостың анықтамасы мен негізгі белгілері.
Сюжеттік құрамы мен тақырыбы, образдық жүйесі.
«Құламерген-Жоямерген"," Дотан батыр" т.б.)
·
Батырлар жыры.
Жанрлық белгілері, идеялық нысанасы,
тақырыбы, халықтық сипаты, тарихилығы, образдар
жүйесі, поэтикасы.
·
Лиро-эпостық жырлар. Жанрлық
сипаты.("Айман-Шолпан", "Қозы Көрпеш –Баян
сұлу», «Қыз Жібек»).
·
Романдық эпостар.
Көркемдік ерекшеліктері, стилі,
поэтикалық, тілдік өрнегі
(«Бозжігіт", "Тахир-Зухра",
"Мұңлық-3арлық" т.б).
·
Тарихи жырлар. Жанрлық
ерекшеліктері. Поэтикасы, композициясы.
·
Айтыс өнері. Зерттелу тарихы.
Жанрлық сипаттамасы, жіктелуі.
·
Балалар фольклоры. ("Бесікке
бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).
·
Қазіргі қазақ
әдебиеті және фольклор.
·
Кеңес дәуіріңдегі
қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.
Қазіргі қазақ фолыиюристикасындағы типологиялық және жүйелі функционалдық зерттеу
әдістері.
СТУДЕНТТЕРДІҢ
ОҚЬІТУШыМЕН БІРЛЕСІП АТқАРАТын ӨЗІНДІК
ЖұМЫСТАРЫНЫҢ ҮЛгі ТАҚЫРыпТАРЫ
·
Батырлар жыры. Жанрлық белгілері,
идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.
Тарихилығы, образдар жүйесі,
поэтикасы.
·
Лиро- эпстық жырлар.Жанрлық
сипаты.("Айман-Шолпан","Қозы Көрпеш-Баян
сұлу","Қыз Жібек").
·
Фольклортану ғылымы оның
тарихы мен теориясы.
·
Қазақ фольклорының
даму, қалыптасу кезеңдері.
·
Фольклордың ерекшеліктері. Көкемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары.
·
Фольклор
мен жазба әдебиеті
·
Қазақ
фольклорының жанрлары мен
түрлері
·
Тұрмыс-салт жырлары.
·
Ертегілер. Классификациясы,
жанрлық түрлері.
·
Қазақ мифтерінің
жанрлық белгілері
·
Мақал-мәтелдердің
жанрлық белгілері
·
Жұмбақтардың жиналу,
зерттелу тарихы, жасалу жолдары мен жасалу тәсілдері
·
Шешендік өнер. Көркемдік
сипаты.
·
Көне эпостың анықтамасы мен негізгі белгілері.
Сюжеттік құрамы мен тақырыбы, образдық жүйесі.
«Құламерген-Жоямерген"," Дотан батыр" т.б.)
·
Батырлар жыры.
Жанрлық белгілері, идеялық нысанасы,
тақырыбы, халықтық сипаты, тарихилығы, образдар
жүйесі, поэтикасы.
·
Лиро-эпостық жырлар. Жанрлық
сипаты.("Айман-Шолпан", "Қозы Көрпеш –Баян
сұлу», «Қыз Жібек»).
·
Романдық эпостар.
Көркемдік ерекшеліктері, стилі,
поэтикалық, тілдік
өрнегі («Бозжігіт", "Тахир-Зухра",
"Мұңлық-3арлық" т.б).
·
Тарихи жырлар. Жанрлық
ерекшеліктері. Поэтикасы, композициясы.
·
Айтыс өнері. Зерттелу тарихы.
Жанрлық сипаттамасы, жіктелуі.
·
Балалар фольклоры. ("Бесікке
бөлеу", Бесікті аластау", "Тұсау кесу', т.б.).
·
Қазіргі қазақ
әдебиеті және фольклор.
·
Кеңес дәуіріңдегі
қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму жолдары.
Қазіргі қазақ фолыклористикасындағы типологиялық және жүйелі функционалдық зерттеу
әдістері.
СТУДЕНТтіҢ ӨЗДІК
ЖұМЫСТАРЫНың ҮЛгі ТАҚЫРЫпТАРЫ
·
Фольклор жанрларының
даму ерекшеліктері
·
Ертегілердің
өзіндік ерекшеліктері
·
Халық прозасының
ертегілерден басқа түрлері.
·
Қиял-ғажайып
ертегілерлердегі халық арманы
·
Хайуанатгар туралы ертегілер.
·
Батырлық ертегі
·
Новеллалық ертегі
·
Сатиралық ертегілер
·
Көне эпостың
негізгі белгілері
·
Батырлық
жырлардың тарихилығы
·
Лиро-эпостық
жырлардың жанрлық ерекшелігі
·
Тарихи жырлар
·
Саяхатшылар мен
шығыстанушьшардың
Қазақ фольклорын зерттеудегі еңбектері
·
В.В.Радлов қазақ фольклорын зерттеуші Г.Потанин
қазақ фольклорын зерттеуші Ш.Уәдиханов- фольклоршы
М.Әуезов фольклортанушы
ПАЙДАЛАНУҒА ұСЫНЫЛАТЫН
әДЕБИЕТ
•
Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзии. -А:, 1992.
• Байтұрсынов А. Ақжол.
-А:,1991.
• Веселовский А.Н. Историческая
поэтика.-М.,1940.
• Тайлор Э. Первобытная
культура. -М.,1989.
• Анисимов А. Духовная жизнь
перпобытного общества. -М-Л., 1966.
• Гусси В.Е. Эстетика фольклора.
-Л.,1967.
• Гусьев В.Я. Фольклор и
действительность.-М.,1976.
·
Емельшин Л.И.Методолог. вопросы
фольклористики.-Л.,1978,
• Әуезов М. Әдебиет
тарихы.-А: 1991.
• Ысмаилов Е. Ақындар. -А:.1956.
• Смирнова М.С.
Казахская народная поэзия. -А.,1967.
• Садырбаев С. Фольклор және
эстетика. -А.,1976.
Окулыктар
• Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті//Шығармалар.6-т.-А:
1964.
• Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.
-А.,1974.
·
Садырбаев
С.Қазақ халқынын ауыз әдебиеті. Хрестом.-А.,1977.
Қосымша
·
Қазақ
әдебиетінің тарихы. I- том, 1,2-кітаптар.
-А.,1960, 1964. 18
·
Қазақ
фольклористикасының тарихы. -А.,1988.
·
Қазақ
фольклорының тарихилығы. -А.,1993.
Анықтамалар, көрсеткіштер,
библиография
·
Революцияға
дейінгі қазақ тілінде шықкан
әдеби кітаптар. /1807-1917/ /Аннотацияланған
библиогр. көрсеткіш/.- А.,1978.
·
Субханбердина Ү.
Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. -А.,1979.,
·
Ақын-жыраулар.
Өмірбаяндық анықтамалар.-А:1979.
Фольклор практикасы
·
Смирнова Н.С., Нұрмағанбетова О.Ә.
Қазақ
халқының ауыз әдебиетін жинаушыға
көмек. -А.,1960.
·
Круглов Ю.Г. Фольклорная практика. -М.,1986
Қазақ фольклорының даму, қалыптасу кезеңдері
·
Марғұлан
Ә. Ежелгі жанр, аңыздар. -А.,1985.
·
Тұрсынов Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін
жасаушылардың байырғы өкілдері.-А.,1976.
·
Қасқабасов С.
Қазақтың халық
прозасы. -А., 1985.
·
Қасқабасов С.
Жаназық (зерттеулер) Астана,2002
·
Қоңыратбаев
Ә. Қазақ эпосы және тюркология. -A.1987
·
Абылқасымов Ш.Б. Жанр
толғау, каз. устн. поэзии. -А.,1984
·
Қазақ
фольклористикасының тарихы. -А.,1988.
·
Сейдеханов К.
Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық
поэзиясы. -А.,1974.
·
Төреқұлов Н. Қазақ совет
халық поэзиясының жанрлық ерекшлеліктері. -А.,1979.
Тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер
·
Затаевич А.В. 1000 песен киргизского
народа.-Оренбург:1925
·
Ерзакович Б.Г.Песенная культура казахского
парода. -А.,1966
·
Уахатов Б.
Қазақтың халық өлеңдері. -А.,1974
·
Уахатов
Б.Қазақтың тұрмыс-салт
жырлар типологиясы.-А.,1983
Мақалдар
мен мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер
·
Адамбаев Б. Халық
даналығы. -А.,1976
·
Әуезов М.
Жұмбақтар туралы //Жұмбақтар. -А.,1940
Ертегілер мен ертегіден тыс прозалық жанрлар
·
Әуезов М. Ертегілер, Қазақ әдебиеті тарихы. І-т.-А.,1988
·
Пропп.В.Я. Морфология
сказки. -М.,1969
·
Турсунов Е.Д. Генезис
казахской бытовой сказки. -А.,1973
·
Каскабасов С. Казахская
волшебная сказка. -А.,1972
·
Қондыбаев С.А.
Қазақ мифологиясына кіріспе. -А.,1999.
·
Тарақты А. Күй
шежіре. -А., 1992. Мифы народов мира. -М., 1997.
Эпостық жанрлар
•
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. -А.,1985
• Бердібаев Р. Эпос-ел қазынасы. -А.,1995
• Ыбыраев Ш. Қазақ эпосы. -А.,1987
• Абылқасымов Б. Телқоңыр.
-A.J993
• Қоңыратбаев
Ә. Қазақ эпосы және түркология.
-А.,1987
• Ғабдуллин М.Сыдықов
Т.Қазақ халқының батырлық жыры.-А.,1972
• Жұмалиев К, Қазақ эпосы мен әдебиет тар. мәселелері -А. 1958
• Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т.
Узбекский народный героический эпос. -М.,1947.
• Қоңыратбаев
Ә. Қазақтың "Қозы Көрпеш" жыры
туралы. -А. 1959
• Бердібаев Р. Қазақ эпосы.-A.1982
Тарихи жырлар
• Қазақ тарихи жырларының
мәселелері.-А.,1979
• Бердібаев Р. Абылай
асуы//Абылай хан. ~А.,1993.
• ХанКене.-А.,1993.
• Қазақ
қолжазбаларының
ғылыми сипаттамасы. Тарихи
жырлар. 3-т. -А.,1981
Айтыс
• Ысмаилов Е. Ақындар.
-А.,1956
• Жармұхамедов М.
Айтыстың даму жолдары. -А.,1976
Балалар фольклоры
• Ақ сандық, көк
сандық. Балалар фольклоры. -А.,1988
• Мелышкова М.Н. Русский детский
фольклор. -М.,1987
Фольклор мен әдебиет
• ДалгатУ.Б. Литература
и фольклор. -М.,1981.
• Бердібаев Р. Көусар
бұлақ. -А.,1989
Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті
құрамында
• Жирмунский В. М. Тюркский героиеский
эпос. -Л., 1974
• Короглы X. Г.
Взаимосвязи эпоса народов
Средней
Азии, Ирана и Азербайджан. -М.,
1983
• Қазақ фольклорының типологиясы. -А., 1981
• Путилов Б.
Г. Методология сравнительной-историчсской изучения фольклора. -Л.,
1976
• Бердібаев Р. Түрік
әдебиет
әлеміндегі ортақ сарындар.
//Жұлдыз,1993.-І казахской
Қазақ фольклорының зерттелу тарихы
·
Қазақ
фольклористикасы. -А., 1972
·
Қазақ
фольклористикасының тарихы. -А., 1988
·
Өміралиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен
стилі. -А., 1983
·
Казахский фольклор в собрании Г. Н.
Потанина. -А., 1972
·
Казахская народная поэзия /Из образцов собранных и
записанных A. A. Диваевым/.
-А.: 1964
·
Дала уалаятының газеті. Әдеби нұсқалар. Құрастырған
Ү.Субханбердина. -А„ 1989, 1990, 1992
·
Көпеев М. Таңдамалы. -А., 1993
·
Ел қазынасы ескі сөз. В. В.
Радлов жинаған қазақ фольклоры. -А.,
1994
Бағдарлама
авторы
Алпысбай Тамаев,
педагогика ғылымдарының
кадидаты,
Абай атындағы Қазақ
ұлттық
педагогикалық университеті қазақ
әдебиеті
кафедрасының доценті